Колледж студенттері арасында ағылшын тілінен «Vocabulary Fest – Сөздік майданы» атты танымдық-шығармашылық сайыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байыту, тілдік дағдыларын жетілдіру және командалық жұмыс арқылы өзара ынтымақтастықты нығайту.
Сайыс барысында қатысушылар бірнеше қызықты кезең бойынша өз білімдері мен тапқырлықтарын, шапшаңдықтары мен шығармашылық қабілеттерін сынға салды. Әр кезең студенттерден білімділікпен қатар, жылдам ойлауды, белсенділік пен ұйымшылдықты талап етті.
Тартысты өткен сайыс нәтижесінде қатысушылар өздерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейін көрсетіп, білімдерін тәжірибе жүзінде шыңдауға мүмкіндік алды.
Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен қызығушылықтары үшін алғыс білдіреміз! Жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!
Тіл үйрену – жаңа мүмкіндіктерге жол ашу!🌍

#

Comments are closed