2026 жылғы 12 қарашада №3 жатақхана студенттері арасында құқықбұзушылықтың, буллинг пен кибербуллингтің, әлімжеттіктің, зорлық-зомбылықтың және ойынқұмарлықтың алдын алу мақсатында түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесуге колледж директорының міндетін атқарушы Д. Еркебалаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шохан Надирбаев және жатақхана тәрбиешісі Света Абдихадирова қатысты.
Кездесу барысында аталған мәселелердің зияны мен салдары түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау, өзара сыйластық пен жауапкершілікті қалыптастыру, жатақханада қауіпсіз әрі қолайлы орта құру мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар студенттерге өз құқықтары мен міндеттерін білу, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу және қиын жағдайға тап болған кезде тиісті мамандардан көмек сұраудың маңыздылығы айтылды.
Қауіпсіз орта – ортақ жауапкершілік! Заңды құрметтеу, өзара сыйластық пен саналы тәртіп әрбірімізден басталады.

#

Comments are closed