2022 жылдың 29 қыркүйек күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің акт залында кітапханашылардың ұйымдастыруымен өткен республикаға белгілі Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматы», Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, ғалым, өнертану мамандығының доценті, мәдениет қайраткері, Қазақстанның жаңа есімдері тізіміне енген сазгер – әнші Елеуов Сауранбек Еркінбекұлымен «Сырдың тұмса таланты» атты кездесуге оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Әдеби – сазды кеште Сауранбек Елеуов талант биігіне жетудің қыр-сырымен бөлісіп, кейбір әндерінің туу тарихына тоқталды. Табиғаттың өзі тартқан ерекше талант иесі шәкіртімен, студенттермен бірге өз әндерін нақышына келтіре орындап, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сазгер-әнші студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.
Кітапханашы қаламгердің музыка саласын қамтыған кітаптары мен баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларымен таныстырды. Елеуов Сауранбек өзінің ризашылығын білдіріп, «Айдында жүзген аққулар» атты кітабын кітапханаға сыйға тартты. Кеш соңында қонағымызға шығармашылық табыстар тілеп, сый-сияпат жасалды. Бұл кездесудің студент жастар үшін тағылымы мен өнегесі мол болды.

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *