2022 жылдың 30 қыркүйек күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледж кітапханасында қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 толуына орай «Әлемге әйгілі – Мұхтар Әуезов» атты әдеби кеш өтті.
Әдеби кеш барысында «Өзім оқып шықтым, саған кеңес беремін» атты библио-кроссқа қатысушы ВДН-0922-2 тобының студенттері М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы, «Қорғансыздың күні», Қараш-қараш», «Қилы заман» кітаптарына презентация жасап, фотосуреттер мен кітаптың негізгі идеясын айтатын видеолар көрсетіп, оқылған кітаптардан үзінділер оқыды, жазушының ойын өз сөздерімен айтып берді. Іс-шарада жазушының жанды дауысы тыңдалып, «Ұлы адамдардың естеліктері» туралы слайд көрсетілді, КДН-0921, КДН-0921-2, КДН-1122, ЕТБ-0921, ЕТБ-0922-2 топтарының студенттері Қ.Аманжоловтың «Мұхтар аға», С.Мәуленовтың «Мұхаңа», М.Шахановтың «Менің есімімді неге Мұхтар қойған?» және Р.Ғамзатовтың «Мұхтар аға» тақырыбындағы ақындардың жазушыға арнаған арнауларын мәнерлеп оқыды.
М.О.Әуезовтің шығармашылық өміріне саяхат жасау мақсатында «М.Әуезовтің асыл мұрасы» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *