«Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» бөлімінің оқытушылары Н.Сыздыкова, А.Манжан, Ж.Халила колледж оқушылары арасында “Зейінділер мен зерделілер” тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізді.

Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың жалпы білім деңгейін, тілдік және танымдық білімдерін қадағалау, жеңімпаздарды анықтау. Оқушылардың өздігінен ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту, білімге құштарлығын, белсенділіктерін арттыру. Оқушылардың өз біліміне деген сенімділігін нығайту, өзін-өзі бағалай білуге, қиындықтарды жеңе білуге тәрбиелеу.

Сайыс 1-курс білім алушылары арасында өткізілді. Жарысқа әр топтан үздік деген 8 студент қатысты. Сайыс 5 кезеңді қамтыды.

I кезең «Қас-қағым сәт!»

II кезең «Тіл өнері»

III кезең «Озық ойлы оқушы»

IV кезең «Мақал-мәтел»

V кезең «Кім көшбасшы»

Нәтижесінде:

I орын – ЕТБ-0922-3 тобының студенті Қайратұлы Кенжехан;

II орын – ЕТБ-0922-1 тобының студенті Ажибек Азамат;

III орын – ЭЕА-0922 тобының студенті Мухаммедхашим Сакина ие болды. Жеңімпаздар диплом және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

#

Comments are closed