“Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар” тақырыбындағы «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің айлық іс-шара жоспарына сәйкес, физика пәнінің оқытушысы А.Манжан ЭЕА-0922 тобының студенттеріне “Ауадағы дыбыс жылдамдығын анықтау” тақырыбында ашық сабақ өтті.

Ашық сабақтың мақсаты: тербеліс көздерінен дыбыстың пайда болу процесін сипаттау және дыбыс толқынына ортаның керектігін түсіну; Толқын амплитудасының дыбыс қаттылығына және жиіліктің дыбыс биіктігіне тәуелділігін білу.

Сабақ барысында дыбыс, дыбыс жылдамдығының әртүрлі ортада таралу жылдамдығы қарастырылып, қарапайым мысалдармен түсіндірілді және телефонды ойлап тапқан Американдық физик Александр Белл таныстырылды. Сабақты қорытындылау мақсатында «Адасқан әріптер», «Lay’s», топқа бөлуде Classroomscreen платформасы және топқа атау беруде «Pazl» әдістері қолданылды. Ауаның дыбыс жылдамдығын анықтауда зертханалық жұмыс орындалып, есептеулер жүргізілді.

#

Comments are closed