Бүгін колледжімізде үздік 40-қа жуық студенттің ата-аналары марапатталды. Колледж директоры А.Кенжалиев ата-аналарға білім алушыларымызға өнегелі тәрбие мен парасатты ақыл-кеңестерін беріп, оқуда озат болуымен қатар, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, көшбасшылығымен даралануға себепкер болғандары үшін ерекше алғысын білдірді.
Ата-аналар өз тараптарынан «Бәсекелестіктің биік шыңына көтеріліп, жоғары білікті және болашағы зор мамандарды одан әрі дайындай отырып, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер»,- деген сынды бірқатар жылы лебіздерін білдірді.
Comments are closed