Бүгін «Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің ұжымы колледжде ұзақ жылдар қызмет етіп зейнеткерлікке шыққан ардагер оқытушылар мен қызметкерлерді отбасыларына барып, алғыс айту күнімен марапаттап құттықтады.

Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде шынайы шығармашылық еңбегімен дараланған ардагер ұстаздарымызды бүгінгі алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

Біздің әрқайсымыз үшін ұстаз – өмір жолымызды айқындайтын, тұлға болып қалыптасуымызға негіз қалайтын адам.

Ұлттық ұстанымды биік қойып, ұстаздық қызметте табанды тер төгіп, марапат төрінен орын алған «Ардагер» ұстаздарды әрдайым мақтаныш тұтамыз!

#

Comments are closed