• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №280
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - СБ: 8:00 AM - 19:00 PM

Колледж студенттеріне кітап оқудан топтық сағат өтті.

Дек 28, 2022 Жаңалықтар

«Филологиялық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігі қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің оқытушылары Ұ.Біләл мен Т.Мырзабек «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Мен және менің кітапханам» тақырыбында колледж студенттеріне кітап оқудан топтық сағат өтті.

Мақсаты — студенттерге білімнің кітап арқылы берілетінін айшықтау, кітап қоржындарын толықтыру, оқуға деген зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілеттерін, ой-өрісін дамыту, оқулықты құрметтей білуге, таза ұстауға, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Іс-шараны өту барысында кітап — адам жанының азығы, кітап- адамның рухани өрісін кеңейтетін байлық екендігін ұғындырып, қазақ әдеби тілінің маңыздылығын А.Құнанбайұлы, М.Дулатұлы, Д.Исабеков, М.Әуезов, Ә.Кекілбайұлы секілді тағы басқа жазушылар шығармалары арқылы бағдарлай келе, қазақ-қырғыз халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Еуропа Ғылым Академиясының академигі Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың «Алғашқы ұстаз» шығармасы талданып және шығарманың оқырман жүрегінен алар негізі мазмұны туралы студенттермен бірге талқыланды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *