2024 жылдың 18 қаңтар күні «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында кітапханашылардың ұйымдастыруымен «Мен Абайды шабыттана оқимын» атты мәнерлеп оқу байқауы болып өтті.

Мақсаты: ұлы ақын, жазушы, тамаша қара сөздердің авторы, қоғам қайраткері, ағартушы, қазақ жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.

Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой — толғауларын насихаттау, шығармаларын сүйіп оқуға, өнегелі өмірін үлгі ете отырып, жастардың білім-ғылымға қызығушылығын арттыру.

Байқау екі бөлімнен тұратын сайыс түрінде өткізілді:

І. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты кезең. Бұл кезеңде Абай өлеңдері жатқа, мәнерлеп оқылды.

ІІ. «Асыл мұра» атты кезеңде Абайдың қара сөздері жатқа, мәнерлеп оқылды.

Нәтижесінде ЗҚТ-0923-1 тобының студенті М.Құрманбай «Асыл мұра» номинациясы, ЕТБ-0923-3 тобының студенті А.Қайратбек «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша арнайы мақтау қағазбен, ал ЗҚТ-0923-1 тобының студенті Д.Қалдыбек іс-шараға белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Шара барысында «Көзімнің қарасы» әні орындалып, «Ұлы даланың-ұлы Абайы» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Қорытындыда Абайды оқудың он себебіне тоқталып, ақынның рухани мұрасынан нәр алып өскен ұрпақ оның есімін қастерлейді деген тұжырым жасалды.

#

Comments are closed