• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №280
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - СБ: 8:00 AM - 19:00 PM

«Менің өмірімді өзгерткен кітап» атты эссе байқауы жарияланды

Дек 1, 2022 Жаңалықтар

2022 жылы 1 желтоқсан күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің оқытушыларының ұйымдастыруымен «Менің өмірімді өзгерткен кітап» атты эссе байқауы жарияланды. Ондағы алынған негізгі шығарма: М.Әуезовтің «Абай жолы» романы.
«Менің өмірімді өзгерткен кітап» эссе байқауы колледж кітапханасында өткізілді.
Қазақ халқы ертеден ақ өнерге, білімге, салт-дәстүрге бай халық болып қалыптасқан болатын. Әр қилы заманда басынан өткерген қиын-қыстау замандарға қарамастан, өз құндылықтарын сақтап қалған қайсар халық екені баршаға мәлім. Сол басты құндылықтарымыздың бірі — әдебиетіміз екені белгілі. Қазақ әдебиетінің дамуы мен оның келесі ұрпақтарға сақталуы жолында қазағымыздың көптеген ағартушы ғалымдары мен жазушы,ақындары тер төге еңбек етіп, тарихта есімдері алтын әріптермен жазылды. Тарихымыз бен әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді ұштастыра білген шоқтығы биік шығармалардың бірі – «Абай жолы» романы.
Байқауға 1 курс студенттері қатысты және олардың «Менің өмірімді өзгерткен кітап» тақырыбындағы жазған эсселері тыңдалып, талқыланды.
Іріктеу кезеңінде 5 студенттің жазған эсселері тақырыпқа сай, мән-мағыналы, мазмұнды, нақты, үздік нәтиже берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *