«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында «Бір колледж – бір кітап» акциясы аясында қазақ халқының ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толуына орай «Уақытпен үндес шығармашылық» тақырыбында ауызша журнал шарасы өткізілді.
Шараға қатысқан ЗҚТ- 0921-2, ЕТБ-0922-1, ДТС-0919-1, КДН-0922, ЕЭА-1122, ВЕТ-0922 және ТКТ-092 топтарының студенттерімен Ахмет Байтұрсынұлының еңбектеріне: «Қырық мысал», «Маса», таңдамалы шығармалары, 6 томдық шығармаларының 1 және 6-томдарына оқытушылар М.Дадажанова, С.Маметова, Ә.Сәтенхан, М.Розметова, А.Халилаева, Е.Монтай және И.Кадированың жетекшілігімен ауызша журнал өтіп, білім алушыларға А.Байтұрсынұлының өмір жолы, қызметі, шығармашылығын жан-жақты таныстырып, ақын еңбектерін оқуға шақырды, кітаптарын насихаттады.
Іс-шараға қатысушылар ақын шығармашылығымен сусындап, мол рухани азық алды.

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *