«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледж кітапханасында «Бір колледж-бір кітап» акциясы аясында Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, кітапханашылардың ұйымдастыруымен ЕТБ-0922-2, КДН-0922 және ЗҚТ-0921-2 топтарының студенттері арасында «Қазақ санасының шамшырағы» атты оқырмандар конференция өткізілді.
Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын оқып, талдай отырып, оқырмандардың қоғамға деген көзқарасын айқындау, бағыт-бағдар беру, ақынның құнды мұраларын дәріптеу, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Кітапханашы К.Сүлейменова «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың рухани көсемі» тақырыбында білім алушыларға әңгімелеп, оның өмірі және шығармашылығы туралы бейнежазба көрсетілді. «Қырық мысал» атты еңбегі жайында ЗҚТ-0921-2 тобының студенті Жақсыбек Нұрсая, «Маса» атты еңбегіне ЗҚТ-0921-2 тобының студенті Темиралиев Бақжан қысқаша шолу жасап, талдаулар жасалды.
Білім алушыларға Ахмет Байтұрсынұлы туралы бейнебаян түрінде қызықты деректер көрсетіліп, викториналық сұрақтарға жауаптар алынып, ақын кітаптарын оқуға кеңес берілді.

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *