2026 жылдың 8 сәуір күні «Сапалы өнім – денсаулық кепілі» тақырыбында ауыл шаруашылығы өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптау бағытында шебер сынып ұйымдастырылды.
Шара барысында студенттер өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін анықтау әдістерімен танысып, тәжірибелік дағдыларын жетілдірді. Сонымен қатар, заманауи зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасап, кәсіби тұрғыда маңызды білім алды.
Шебер сыныптың негізгі мақсаты – болашақ мамандарды сапалы өнімді бағалауға үйрету, халық денсаулығын қорғау және ветеринария саласында білікті маман ретінде қалыптастыру.

#

Comments are closed