Сәуір айының 13-і күні ТКА-0925-1 тобында физика пәні оқытушысы Манжан Ақжайсанның «Жарықтың сыну құбылысы» тақырыбындағы ашық сабағы өткізілді.
Сабақ барысында білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және белсенділігін дамыту мақсатында заманауи әдіс-тәсілдер тиімді қолданылды. Атап айтқанда: 🎯 Wheelspinner, 🖨 Принтер, 🔥 Warm up, 🧠 «Ойлан! Тап! Ізден!» әдістері арқылы студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, білім алушылар белсенділік танытты. Әр кезең өз мақсатына жетіп, тақырып терең әрі сапалы меңгерілді. Нәтижесінде сабақ мазмұнды, жүйелі және тиімді өтті.
Білімге бастар жол – үздіксіз ізденісте!

#

Comments are closed