2022 жылы 22 қараша күні «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің физика пәнінің оқытушысы А.Манжан ЕТБ-0922-1 тобының студенттеріне “Толық тізбек үшін Ом заңы” тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақтың мақсаты: толық тізбек үшін Ом заңын есеп шығару барысында қолдану.
Сабақ барысында Ом заңы түсіндіріліп, есеп шығару барысында қолданылды. Формуланы түрлендіріп, Халықаралық бірліктер жүйесіне дұрыс айналдырудың жолдары қарастырылды. Жаңа сабақты бекіту барысында ROQED SCIENCE – жоғарғы сапалы интерактивті оқыту бағдарламалық құралы арқылы Ом заңына байланысты бейнебаян көрсетілді.
Сабақты бекіту үшін студенттерді үш топқа бөліп – “Сәйкестендіру”, “Кім жүйрік”, “Тұлға тану” ойындары мен Ізден! Ойлан! Тап!” әдістері арқылы білім алушылар арасында жарыс ұйымдастырылып, жаңартылған білім беру оқу бағдарламасы бойынша бағалау критерийлері арқылы жауаптар алынды.

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *