Ахмет Ясауи Колледжінде аралық аттестаттауды өткізу барысында “Ветеринария” мамандығының білім алушыларына “Клиникалық диагностикасы бар ішкі жұқпалы емес аурулар” пәнінен Ахмет Ясауи Университетінің “Виварий” зертханасында демонстрациялық емтихандар ұйымдастырылды.
Емтихан барысында жануарларды клиникалық тексеру (пальпация, аускультация, перкуссия, термометрия), ірі қара мен қойдың күре тамырынан қан алу, бұлшық етке дәрілік затты енгізу жұмыстары жүргізілді.
No responses yet