Оқу ордамызда ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ыбырай Алтынсарин: білім, еңбек, тәрбие» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында білім алушыларға ағартушының өмір жолы, педагогикалық қызметі мен шығармашылық мұрасы таныстырылды. Сондай-ақ Ыбырай Алтынсариннің жас ұрпақты білімге, еңбекқорлыққа, адамгершілік пен ізгілікке үндейтін тағылымды ойлары кеңінен насихатталды.
Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың ұлы тұлғаның мұрасына деген қызығушылығын арттырып, білім мен еңбектің, өнегелі тәрбиенің маңызын ұғындыру.

#

Comments are closed