16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай ТКА-0923-3 тобы кураторы Сабет Жанерке студенттерге “Желтоқсанның арманы-Тәуелсіздік таңдары” тақырыбында тәрбие сағатын өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын зұлмат жылдары елінің азаттығын, еркіндігін аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау және білім алушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт – бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, патриоттық рухта тәрбиелеу. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу. Тәуелсіздік бастауы – ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру.

#

Comments are closed