ЕТБ-0926-3 тобының ата-аналарына арналған «Жаңа дәуір жастары: саналы таңдау, берік құндылық, жауапты болашақ» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Кездесу жастардың саналы таңдау жасауына қолдау көрсетуге, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және болашағына жауапкершілікпен қарауына ықпал етудегі ата-ананың рөліне арналды.

✨ Жаңа дәуір жастарына саналы таңдау үшін ата-ананың қолдауы, берік құндылық үшін үлгісі, жауапты болашақ үшін сенімі қажет.

Баланы тыңдау, пікірін құрметтеу және өз ісімен өнеге көрсету — тәрбиенің берік негізі. Отбасы мен колледждің ынтымақтастығы жастардың өз жолын сеніммен табуына көмектеседі.

Қатысқан ата-аналарға уақыт бөліп, қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреміз! 💐

#

Comments are closed