2022 жылы 23 қараша күні “Гуманитарлық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес, педагог-психолог, педагогика ғылымдарының магистрі Б.Бекенова мен әлеуметтік педагог, психология пәнінің оқытушысы К.Арысбектің ұйымдастыруымен “Өзіңмен күрес, жетістікке жет!” тақырыбында білім алушыларға семинар-тренинг өтті.
Мақсаты: білім алушылардың өзін-өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу, өмірлік мақсатқа жетудегі өзінің ерекше сапаларын айқындау, қатысушылардың өмірдегі шынайы мақсаттарын іздеу, болашаққа позитивті көзқарасты қалыптастыру.
Сабақтан тыс іс-шара барысында “Амандасу ритуалы” сабақты ашу, “Мақсатты қалай дұрыс қою керек” бейнеролигі, “Адам мінезіне туылған күннің әсері” болжам, білгенге маржан “Жетістікке жеткен тұлғалар” өмірлеріндегі қиындықтармен күресіп, жетікстікке жеткен тұлғалар туралы, “Мен және менің жетістіктерім” талқылауға арналған сұрақтар беріліп, “Жетістікке жету кілті өз қолыңда” релаксация мен рефлексия жүргізілді.
Іс-шара соңында тренингке қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын жеткізді.

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *