Әр адамның жадында ерекше естеліктермен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Сәні мен салтанаты, мәні мен мағынасы мол өмірдің кейіпкерлері – оқу ордамыздың студенттері. Осы аталмыш мерекеде колледж жастарына арналып “Қызықты көңіл, студенттік өмір” атты мерекелік іс-шарамыз атап өтілді.
Студенттік өмір – адамның жастық қуаты тасып, шаршау мен уайымды білмей, ізденумен, үйренумен, танысумен, табысумен өтетін ерекше шағы.
Білім – біздің басты қазынамыз. Халық ақыны Нұрпейіс Байғанин «Білімнен қымбат нәрсе жоқ, көңілде жатса баспай тот» деген екен. Білімді адам ғана болашаққа батыл қадам баспақ. Біздің жастарымыз алған білімін ақылмен, өнегемен, тән мен жанның сұлулығымен, парасаттылықпен ұштастырса, нұр үстіне нұр жауар. Оқу-білім үздіксіз еңбектің арқасында ғана жақсы нәтижеге, жоғары жетістіктерге жеткізеді, – дей келе жастарымызға …
Студенттік кезеңді мағыналы да, қызықты өткізулеріңізге тілек білдіреміз. Бастаған барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Студенттер күні құтты болсын!
No responses yet