2023 жыл 18.05. күні “Оқуға құштар колледж” жобасын жүзеге асыру мақсатында физика-математика пәндерінің оқытушылары Ж.Халила және А.Манжанның ұйымдастыруымен ЕТБ-0922-1, ЕТБ-0922-2, ЭЕА-0922 топтары арасында «Топтың үздік оқырманы» атты топ сайысын өткізілді.
Сайыстың мақсаты: ХХ ғасыр басындағы аса көрнекті ақын С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы, зерттелуі туралы жан – жақты мағлұмат бере отырып, өлеңдерінің тақырыбы, мазмұны, маңызын ашу, әр студенттің өзіндік ізденуіне ерік бере отырып, өзіндік ой түюге баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, ақын өмірі мен шығармашылығын үлгіге ала отырып, оқушыларды адамгершілікке, білімге, елін, Отанын, туған тілін сүюге тәрбиелеу, бүгінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге тұтып, болашақта ел-жұртының есті азаматы болып қалыптасуына ықпал ету. Сайыс барысында көрнекті ақынның шығармалары мәнерлеп оқылды. Сондай-ақ, «Қамар сұлу» романы талқыланып, шығарманың маңыздылығы, көркемдік шешімдері, жанрлық ерекшеліктері дараланды.
Танымдық сайыстың қорытындысы бойынша:
I орын ЭЕА-0922 тобының студенті Мұхаммадхашимқызы Сакина;
II орын ЭЕА-0922 тобының студенті Кешубай Жанар;
– ЕТБ-0922-1 Алиқызы Майра “Сөз шебері” номинациясы;
– ЕТБ-0922-1 Мақымбет Қымбат “Білімді оқырман” номинациясы;
– ЕТБ-0922-1 Құлмаханбет Ақтолқын “Белсенді оқырман” номинациясы;
– ЕТБ-0922-2 Сман Дәурен “Сөз сұлтаны” номинациясы;
– ЕТБ-0922-2 Анарбаева Мухлиса “Үздік оқырман” номинациясы
– ЕТБ-0922-2 Оразбай Ғизат “Кітап оқу лидері 2023” номинацияларымен марапатталды.
Comments are closed