«Киім дизайны» мамандығының арнайы пән оқытушыларының ұйымдастыруымен «Киім дизайны мамандығына саяхат» атты әсерлі сабақтан тыс іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараға мектеп оқушылары арнайы шақырылып, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар алды. Қатысушылар киім дизайны саласының қыр-сырымен танысып, қолөнер бұйымдарын жасау, эскиз салу және киім тігу процестері бойынша қызықты әрі пайдалы ақпарат алды.
Сонымен қатар, мектеп оқушылары колледж студенттерінің дайындаған шағын жұмыстарын тамашалап, тың шығармашылық идеялармен танысты. Бұл шара олардың сән индустриясына деген қызығушылығын арттырып, жаңа бастамаларға шабыт берді.
Осындай танымдық іс-шаралар арқылы жастардың кәсіби бағдарын қалыптастыру – маңызды міндеттердің бірі.
Жастарға бағыт, болашаққа бағдар!

#

Comments are closed