«WorldSkills Turkistan – 2026» облыстық чемпионаты аясында «Мейрамхана қызметі» құзыреттілігі «Яссы» қонақ үйінің мейрамханасында өтуде.
Бұл байқау — жас мамандардың кәсіби шеберлігін арттырып, тәжірибе алмасуына және өз қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетуіне мүмкіндік беретін маңызды алаң. Қатысушылар мейрамхана қызметінің негізгі талаптары бойынша өз білімін, ұқыптылығын, қонақжайлылығын, қызмет көрсету мәдениетін және кәсіби дағдыларын көрсетуде.
«Мейрамхана қызметі» құзыреттілігі қатысушылардан жауапкершілікті, жылдамдықты, әдептілікті, тазалықты және қонақпен дұрыс қарым-қатынас жасай білуді талап етеді. Бұл бағыт болашақ мамандардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына үлкен үлес қосады.
Чемпионатқа қатысушы барлық болашақ мамандарға сәттілік тілейміз!

Comments are closed