Колледж студенттері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру және белсенді өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Спорт – денсаулық кепілі» атты спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттер түрлі дене жаттығуларын орындап, өздерінің белсенділіктері мен спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті.
Спорт – денсаулықты нығайтып қана қоймай, күш-қуат пен көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Сондықтан белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен тұрақты айналысу – әрбір студент үшін маңызды.
Дені сау ұрпақ – ел болашағы!

Comments are closed