Оқу ордамызда «Шабыт» жобасы аясында білім алушылардың ата-анаға деген сүйіспеншілігі мен ризашылық сезімін арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Әкемнің ақылы, анамның мейірімі» тақырыбында ата-аналарға арналған «100 жылы сөз» хат жазу акциясы ұйымдастырылды.
❤️ Акция барысында білім алушылар ата-ананың бала тәрбиесіндегі орны мен еңбегі жайлы ой бөлісіп, әке ақылы мен ана мейірімінің адам өміріндегі маңызын жүрекжарды сөздермен жеткізді.
💌 Акцияның басты ерекшелігі – студенттердің өз сезімдерін шынайы түрде хат арқылы білдіруі. Олар ата-аналарына деген алғысын, сүйіспеншілігін, ыстық ықыласы мен ізгі тілектерін қағаз бетіне түсірді.
🌿 «100 жылы сөз» акциясы білім алушыларға ата-ананың қадірін терең түсінуге, отбасылық құндылықтарды бағалауға және жақын жандарына ризашылығын білдіруге мүмкіндік берді.
Жүректен шыққан әрбір сөз – ата-анаға деген шексіз алғыстың белгісі. 💐

Comments are closed