«Өндірістегі 10 күн» акциясының үшінші күні «Маманның нақты жұмыс орны» тақырыбымен жалғасын тапты.
Акция аясында «Ветеринария» мамандығының білім алушылары жетекшілерімен бірге «БНК АГРО KZ» кәсіпорнына барып, ветеринар мамандарының нақты жұмыс орнындағы кәсіби қызметімен танысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – маманның жұмыс орнында атқаратын нақты кәсіби әрекеттерін зерделеу, білім алушылардың теориялық білімін өндірістік тәжірибемен ұштастыру.
Кәсіпорынға бару барысында білім алушылар ветеринар маманының күнделікті жұмыс үдерісін бақылап, өндірісте қолданылатын құрал-жабдықтармен, жұмыс тәсілдерімен, қауіпсіздік талаптарымен және кәсіби міндеттерді орындау ерекшеліктерімен танысты. Сондай-ақ мамандық бойынша өндірістік ортада қажетті дағдылар мен кәсіби құзыреттерге назар аударылды.
Мұндай тәжірибелік кездесулер білім алушыларға болашақ мамандығының қыр-сырын нақты жұмыс ортасында танып, кәсіби дағдыларын дамытуға және еңбек нарығының талаптарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Нақты жұмыс орнымен танысу – кәсіби шеберлікке бастар маңызды қадам!

#

Comments are closed