«Өндірістегі 10 күн» акциясының бесінші күні «Жаңа технология – жаңа дағды» тақырыбымен жалғасын тапты.
Бүгінгі еңбек нарығы маманнан тек кәсіби білімді ғана емес, өндірістегі заманауи технологияларды тиімді пайдалана білуді де талап етеді. Осыған орай акцияның бесінші күнінде білім алушылардың жаңа технологиялармен танысуына, оларды тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында өндірісте қолданылатын цифрлық технологиялар, автоматтандыру жүйелері, заманауи құрал-жабдықтар, бағдарламалық қамтамасыз ету және жасанды интеллект мүмкіндіктері зерделенді. Олардың мамандардың күнделікті жұмысын жетілдірудегі және еңбек өнімділігін арттырудағы маңызына назар аударылды.
Жаңа технологияларды оқу үдерісімен ұштастыру – білім алушылардың кәсіби құзыреттерін жетілдіріп, өндірістің өзгермелі талаптарына бейімделуіне мүмкіндік береді.
⚙️ Жаңа технологияны меңгеру – жаңа кәсіби дағдыға, ал жаңа дағды – бәсекеге қабілетті маман қалыптастыруға бастайды!

Comments are closed