Ұстаздар күніне орай оқу ордамызда педагогтердің еңбегін ұлықтауға арналған мерекелік іс-шара өтті.
Шара барысында ұстаздарға жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылып, білім мен тәрбие саласына қосқан үлестері үшін алғыс білдірілді. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, жас ұрпақтың сапалы білім алып, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосып жүрген бірқатар педагогтерге алғыс хаттар табысталды.
Мерекелік кеш ұстаз мәртебесін дәріптеп, олардың қажырлы еңбегіне деген құрмет пен ризашылықты айшықтады.
Барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, абыройларыңыз асқақ болсын!

Comments are closed