Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне байланысты туындайтын дағдарыстық кезеңдерін түсіндіру, қиын жағдайларда оларға қолдау көрсету жолдарын меңгерту, психологиялық көмек түрлерімен таныстыру, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу.
Жиналысқа қатысқандар:
1. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары – Д.Еркебалаев.
2. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары – Ш.Надирбаев.
3. Түркістан қаласы ҚҚБ УПИ полиция аға лейтенанты –
Б.Оспанов.
4. Түркістан қаласы ҚҚБ УПИ полиция аға лейтенанты – Д.Нұрсейіт.
5. Педагог-психолог – Б. Бекенова.
6. 1-курс топ жетекшілері.
7. 1-курс білім алушыларының ата-аналары.
Жиналыс барысында жасөспірімдердің психологиялық даму ерекшеліктері, өтпелі кезеңде кездесетін қиындықтар, дағдарыстық жағдайлардың алдын алу және ата-аналардың балаға дұрыс қолдау көрсетуі мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аудару, эмоционалдық жай-күйін бақылау және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу жолдары талқыланды.

Comments are closed