2026 жылғы 22 қазанда «Тағам өндірісі және ветеринария» пәндік (циклдік) бірлестігінің «Еңбек пен елдік: білімді ұрпақ – жарқын болашақ» атты айлық іс-шарасы аясында биология пәнінің оқытушысы К. Құралай ВЕТ-0926 тобында «Бактерия, саңырауқұлақ жасушаларының құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың негізгі мақсаты – білім алушыларға бактериялар мен саңырауқұлақ жасушаларының құрылымдық ерекшеліктерін, негізгі бөліктері мен олардың қызметтерін түсіндіру, салыстырмалы талдау арқылы биологиялық білімдерін тереңдету және ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ барысында білім алушылар бактериялар мен саңырауқұлақтардың жасушалық құрылысын салыстырып, олардың табиғаттағы рөлі мен пайдалы және зиянды қасиеттерін зерделеді. Сонымен қатар микроорганизмдердің ветеринария саласындағы маңызына назар аударылып, теориялық білімнің болашақ кәсіби қызметпен байланысы айқындалды.
Ашық сабақ білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, салыстыру, талдау және қорытынды жасау дағдыларын дамытуға бағытталды.

#

Comments are closed