2026 жылғы 23 қыркүйекте математика пәнінің оқытушысы П. Алматқызы ВДН-0926-1 тобының білім алушыларына «n-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында білім алушылар жаңа тақырыпты меңгеріп, математикалық есептер шығару арқылы алған білімдерін бекітті. Оқытушы «Сұрақ-жауап», «Wheel Spinner» және «Математикалық марафон» әдістерін қолданып, білім алушылардың белсенділігін арттыруға және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал етті.
Ашық сабақ білім алушылардың математикалық білімдерін тереңдетуге және практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталды.

Comments are closed