Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында сталкингтің (қудалау, аңду) алдын алуға бағытталған «Сталкинг» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Тағылымды кездесудің арнайы қонағы – отандық телевизия саласының көрнекті өкілі, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының VI–VII шақырылымдарының депутаты, «Құрмет» орденінің иегері Дана Нұржігіт болды.
Кездесу барысында жастарға сталкингтің негізгі белгілері, оның алдын алу жолдары, қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтау және осындай жағдайларда дұрыс әрекет ету тәсілдері жөнінде маңызды ақпараттар берілді. Сонымен қатар, қонақпен еркін пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – Дана Нұржігіттің авторлық «Көлеңке» атты жаңа кітабының тұсаукесері болды. Кітаптың таныстырылымы қатысушылар үшін мазмұнды кездесудің маңызды бөлігіне айналды.
Кездесудің басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, өз құқықтарын білуге және кез кел

Comments are closed