Қараша айының 8-і күні колледжіміздің «Ветеринария» мамандығының 1-курс студенттерінің мамандыққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Елімізде инновацияны тиімді қолданып отырған бірегей кәсіпорын “Бөрте Милка” сүт фермасының тыныс тіршілігімен және жұмыс барысымен танысып қайтты.
Студенттер автоматтандырылған швед технологиясымен жабдықталған ферманың тіршілігімен танысып, заводтан өндірілетін табиғи өнімдердің жасалу барысын көздерімен көріп қайтты.
Колледждің басты мақсаттарының бірі – еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті, жан-жақты құзыретті мамандар дайындау екені белгілі.
Ертеңгі болашағымыз – еліміздің тағдыры болашақ жас маманның бүгінгі тәрбиесіне және біліміне тікелей байланысты. Білім алушыларымызға оқуда сәттілік тілейміз!
Comments are closed