Ахмет Ясауи Колледжінде бірге оқитын құрбы-құрдастарының бастамасына қолдау білдірген “Тамақтандыруды ұйымдастыру” мамандығының білім алушылары “Жақсылық жасаудан жарысайық” эстафетасын жалғастырды. Циклдық пән бірлестігінің жоспарына сәйкес қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеде студенттердің тәжірибе сабақтарында дайындаған өнімдерін сатып, түскен қаржыға әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларға азық-түлік сатып алынды.
Азық-түліктерді Түркістан қаласының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі жан Алтынбаева Әминаға және Кентау қаласында тұратын көп балалы Лопатко Иринаның отбасына жеткізді. Аталған екі отбасы жалдамалы пәтерде тұрады.
Қайырымдылық шарасын ұйымдастырған арнайы пән оқытушысы Жұлдыз Сүлейменоваға және студенттерімізге алғыс айтамыз.

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *