2022 жылдың 09 қараша күні «Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты айлық іс-шара аясында, тарих пәнінің оқытушысы Ұ.Шорабекова мен география пәнінің оқытушысы С.Сайдуллаеваның ұйымдастыруымен КДН-0919, КДН-0920 топтары арасында «Түстер симфониясы» тақырыбында сабақтан тыс іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің күзгі табиғатты әсем бейнелеп, өз мамандықтарына сәйкес шеберліктерін шыңдау, қызығушылығын арттыру.
Байқау 4 айналымды қамтыды:
I айналым. Таныстыру
II айналым. «Күзгі табиғат тақырыбында бормен сурет салу» сайысы
III айналым. Күзгі үлгіде екі топ студенттерінің өз қолдарымен жасаған көйлектері.
IV айналым. «Қазақстанның өткені мен бүгіні» тақырыбында сурет салу
Нәтижесінде КДН-0919 тобы «Үздік суретші» номинациясымен, КДН-0920 тобы «Үздік дизайнер» номинациясымен марапатталды.

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *