5-қазан күні Ахмет Ясауи Колледжінде “Жұмыс берушілер күні” өткізіледі. Оқу орны мен жұмыс берушілер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бұл шараға Rixos Turkistan, HiTech, Кәусар, Қалалық ветеринарлық инспекция, Облыстық олимпиада ізбасарларын даярлау спорт мектебі, Құқық қорғау орындары, Атамекен кәсіпкерлер палатасының өкілдерін және түлектерімізге жұмыс беруші болып табылатын басқа да мекемелердің басшыларын шақырамыз.
Жиын барысында жұмыс берушілерді колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстыру, маман даярлаудың заманауи бағыттарын түсіндіру бойынша студенттермен кездесу, академиялық дербестік шеңберінде білім беру бағдарламасына енгізілетін пәндерді талқылау, меморандумдар мен келісімдерге қол қою, үздік жұмыс берушілерді Министрліктің және жергілікті атқарушы органдардың алғыс хатымен марапаттау шаралары ұйымдастырылады.

#

No responses yet

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *