Желтоқсан айының 8-і күні «Филологиялық» пәндік циклдік комиссиясы бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан апталық іс-шара жоспарына сәйкес ЕТБ-0923-2 тобына ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Р.Ибадуллаева “Question types” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты: Ағылшын тіліндегі сұрақтардың түрлерімен таныстыру және қолданылу тәртібін үйрету. Ашық сабақ барысында «Puppet show» жобасы, «Magic box», «What is it?», «Basketball», «Letters speak»,” Who is he or she?” деп аталатын тапсырмалар жүргізілді.
Comments are closed