“Ахмет Ясауи Колледжі” кітапханасында “Әлеуметтік және педагогикалық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің оқытушысы Ә.Сәтенханның ұйымдастыруымен “Ән-Нұр” мешітінің имамы Нұржан Тұрсынбаев, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Шохан Надирбаев және колледж оқушыларының қатысуымен “Көркем мінез, жат ағым” тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуде дініміздегі тәрбие орынымен қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі жат ағым жайлы, ағымдардың зияны жайлы мағлұматтар берілді. Жастарды дұрыс жолға бағыттап, ішкі рухани сұранысын қанағаттандырып отыру, ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін, сауапты іс пен күнәлі әрекеттердің айырмасын түсіндіру қазіргі уақытта, әсіресе, қоғамда белең алып бара жатқан өзіне өзі қол жұмсау, теріс ағымға түсу секілді зиянды қадамдар мен келеңсіз әрекеттерді алдын алуда қоғам болып күресуді қажет ететіндігі туралы айтылды. Оқушылар тарапына қойылған сұрақтарға жауап берілді.

#

Comments are closed