«Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Әлемді бейнелеген нақты ғылымдар» тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру» бөлімі, арнайы пәндер оқытушысы Дүйсенбай Фариза ЕТБ-0920-2 тобының студенттеріне «Web бағдарламалау және Интернет технологиялар» пәні бойынша «Шаблон тегтері» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақтың мақсаты: Веб-бет құруда қолданылатын шаблон тегтерінің қызметін айқындау және жұмыс жасау, шапшаңдыққа үйрету.
Ашық сабақ барысында студенттер үй тапсырмасы бойынша викториналық сұрақтарға жауап беріп, «Ассоциация» әдісі өткен білімді нақтылады және тақырып бойынша ментальды карта құрып қорытындыланды. «Мозаика» әдісімен жаңа тақырып ашылды. Бекіту кезеңі бойынша практикалық тапсырмалар беріліп, «Кім көп біледі?» ойыны ойнатылды. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы оқушылар бағаланды. «Біздің топтың жүрегі» деп аталатын сергіту сәті арқылы студенттер ойларын еркін жеткізіп, тілек тіледі. Ашық сабақ қойылған мақсатына жетті.
Comments are closed